Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Полиция қызметкерлері  Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

42 жастағы күдіктінің үйін тінту кезінде  қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі табылды.  Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық  кодекстің  399-бабы бойынша тіркелді.