Танымал журналист Қонысбай Әбіл дүниеден өтті

Қазақстанның халық ақыны, қаламы жүйрік журналист Қонысбай Әбіл дүниеден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтыс өнерін жандандыруға қосқан үлесі сүбелі. Ол 1990 жылы Ташкентте Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Бейімбет Майлиннің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыстарда топ жарды.

Торғай топырағынан түлеп ұшқан ақынды күллі қазақ «Әй-әй ақын» деп еркелететін. Қонысбай Әбілдің ой салар отты сөздері, халқымызға мұра болып қалары сөзсіз.

Сондай-ақ...