Абай облысында үш адам үсіктен көз жұмды

Абай облысы Жарма ауданының Теріс-таңбалы ауылында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекеннің үш тұрғыны, нақтыласам, ерлі-зайыпты кісілер 3 жасар немересімен қатты аяз кезінде үсіктен көз жұмды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқыс оқиға қарашаның 28-інен 29-ына қараған түні болған. Осы елді мекеннің 50 жас шамасындағы тұрғындары көр-шісіне қонаққа барып, қайтар жолда үйіне жете алмай қалған.

Қазір аталған жағдайға байланысты Абай облыстық полиция департаменті іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.