Жамбыл облысында өрттен екі бала көз жұмды

Жамбыл облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 және 2 жастағы балалар қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Шу қаласында кеше түнде болды.  Тілсіз жау 30 шаршы метрді шарпып, барлық жиһаз отқа оранған. Қазір полицейлер мән-жайды анықтап жатыр. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі анасы балаларын үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып кеткен, - деп ақпарат таратты.