Адам бопсалаған топ ұсталды

Ақтөбе облысында бопсалаушылар тобы ұсталды.

Олар өткен айда жергілікті тұрғынды қорқытып, ВАЗ көлігін күшпен тартып алған. Тәртіп сақшылары 4 күдіктіні құрықтады. Барлығы теріс діни ағым ұстанады екен. Күдіктілердің бірі қазір уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.