Екібастұзға жылу беріле бастады – қала әкімі

Қалада әлі де болса 11 көпқабатты үй жылусыз отыр , деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ шаһар басшылығының айтуынша, олардың жертөлелеріне жылу жеткізілген. Енді пәтерлерге берілуі тиіс. Аян Бейсекин мәселе бүгін шешілетінін айтты. Бұған қоса 70-ке жуық жер үйдің батареялары қатып қалған. Апаттың салдарын жоюмен айналысқан бригадалар енді осы жағдайды реттеуге кірісті. Ал, ертеңнен бастап әлеуметтік нысандардың жылу құбырларын қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Сондай-ақ...