Екібастұз халқына еріктілер көмекке келді

Екібастұз халқына көмек қолын созып жатқандар көп. Жуырда апат салдарын жоюға IT мамандары да келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үйлер жылуға толық қосылғанша қолдарына  түрлі құрал-сайман алып, дәнекерлеушілер мен жұмысшыларға көмектеседі. Қазір қалада қатып қалған батареялар ауыстырылып жатыр.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін келтірілген шығын көлемін арнайы комиссия анықтайтын болады.  Қазіргі таңда барлық күш коммуналдық апаттан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруге жұмылдырылған.  Кешеден бері 600-дей жылу радиаторлары ауыстырылды.  

Бауыржан Құсманов, ерікті:                   

- Біз команда жинап келдік. Мамандар өздерінің аспаптарын ала келді. Барлық қажетті құралдарымыз бар. Жерлестеріміз қиын жағдайға тап болғанда қарап отырғанымыз жарамас. Жедел штабқа алғыс айтамыз. 36 мектепке орналастырды. Жатын орын, ыстық тамақ бәрі қарастырылған.