loader


Екібастұзда жылу температуралық кестеге сәйкес беріліп жатыр

Екібастұз жылу орталығындағы жағдай қалыпты. Қазір алты қазандық жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы төртеуі – резервте. Температуралық параметрлер жылу беру нормаларына сәйкес келеді дейді мамандар.  Өңірде коммуналдық апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қыстың алғашқы аязында қысымды көтере алмаған құбырлар бірінен соң бірі жарылып, жүз елуге жуық көпқабатты үйді жылусыз қалдырған оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Үскірік аязда берекесі қашып, бүрсең қаққан қарапайым халықтың шығыны толық өтеледі. Әзірге Төтенше жағдай режимі алынған жоқ.                    

Сұңғат  Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық энергетикалық қадағалау мен  бақылау комитетінің төрағасы:

- Қазір көтеріп жатырмыз оны барлық әріптестер көтеріп жатыр жалпы қадағалау осындай ұжымдардың, осындай мекемелердің қадағалауы күшейтілуі керек. Өйткені әрине бұл да бизнес бірақ стратегиялық жүйеде халыққа әсер ететін сол бизнеске де әсер ететін осындай мекемелер, сондықтан оны да қазір көтеріп жатырмыз. Қазір жылу туралы заңнамасы парламентке енгізіледі. Сол жерде қазір тиісті өзгертулер енгіземіз ба деген ұсыныстар да бар. Осыған шейін де болған бірақ жаңағы айтқандай бизнесті қолдаймыз деп оны азайтып алған сыңайдамыз. Тариф жағын да қарауымыз керек. Барлық жерде бәрі көтеріліп жатқанда   ол мәселені толық жан-жақтан зерттелуі керек.

 

 

 

 

Сондай-ақ...