Екібастұздағы ЖЭС мемлекет қарамағына өте ме?

Екібастұздағы жылу электр стансасын мемлекеттің қарамағына алмас бұрын, оның материалдық-техникалық жағдайы толық тексерілуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысының орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша қазір жауаптылар осы мәселені қарастырып жатыр. Егер бұл станса ел қазынасына тым көп шығын келтіретін болса, онда кәсіпорын бизнесмендердің қолында қалады,-деді ол. Алдымен Үкімет қалыптасқан ахуалды бірлесіп реттеп көрмек.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

- Қазіргі уақытта дұрыстап зерттеу жүргізу керек. Қазір ТЭЦ-тің жағдайын қарап, қанша қаражат керек, құрал -жабдықтарын. Ертең бүкіл нагрузканы Үкімет бюджетке алып, ТЭЦ-ті бір теңгеге сатып алып, бір миллиард теңге шығын болмасын. Бірінші комиссия қарайды. Сосын шешімін айтады.