Екібастұзда тағы құбыр жарылды

Екібастұздан шұғыл ақпар. Шаһардағы орам ішілік жылу желілерінде құбыр жарылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жедел штаб өкілдері мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шұғыл әрекет еткен жылу берушілер ақауды дер кезінде анықтап үлгерді. Бауыржан  Момышұлы көшесінде орналасқан жеті үйдің 5-де жылу тасымалдағыштар қалпына келтірілген. Қалған екеуінде жұмыс жалғасып жатыр. Апатты жоюға Петропавлдан келген бригада атсалысты. 

Базарбай Жаркенов, Екібастұз қалалық Жылу беру кәсіпорнының учаске басшысы:

- Біз шұғыл түрде алдын алып үлгердік. Құбырлардың қатуына жол берілмейді. Бір сағат ішінде қалған екі үйді жылуға қосамыз.