Алматыда жоғалған қыз бала табылды

Алматыда бүгін таңертең жоғалып кеткен 9 жасар қыз аман-есен табылды.

Еріктілер оны троллейбустан тапқан. Тәртіп сақшыларының болжамынша ол күні бойы қоғамдық көлікте жүруі мүмкін. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын әлі де анықтайды. Патрульдік полиция қызметкерлері жеткіншекті ата-анасына тапсырды.

Салтанат Әзірбек:

- Ең бастысы, бала дін аман. Полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы полициясы қызды табуға көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді.

Сондай-ақ...