Екібастұзда жалған террорист ұсталды

Екібастұзда «жалған террорист» ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр.  Күдікті әкімдікке «бомба» қойылды деген ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, ғимараттағы 3 қызметкерді эвакуациялады. Мамандар тексеру барысында жарылғыш құрылғыларды таппады. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 2019 жылы да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.