ШҚО-да көлік суға батып кетті

Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасын мұз үстімен кесіп өтпек болған көлік суға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік ішінде 5 адам болған. Оның төртеуі мұз басқан судан шығып аман қалса, 72 жастағы кейуана суға кеткен. Құтқарушылар апат болған жерге дереу жеткен. Жеңіл машина жағадан 800 метр жүріп барып суға кеткен. Ол жердегі мұз қалыңдығы бар болғаны 15 см ғана екен. Ал жеңіл транспорт үшін жоқ дегенде 30-40 см болуы шарт. Сондықтан қазір мұз үстімен жүрудің аса қатерлі екені жайлы ескерту де қойылған.