loader


Шетелден жеткізілген көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері бірнеше адаммен бірігіп,  қаңтар айынан бері 486 автомобильді заңсыз тіркеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер әрбір темір тұлпарға 400 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін ақша алып отырған. Қаражатты қалталарына басып, олар мемлекеттік баж төлеу түбіртектерін де қолдан жасаған. 

Салдарынан азаматтар мен мемлекеттік қазынаға 1 млрд. теңгеге залал келтірілді. Сондай-ақ  Ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторлары ақпараттық жүйеде бұрын кәдеге жаратылған көліктер туралы мәліметті жойған. Кейін жаңадан әкелінген көліктер туралы ақпаратты енгізген.

Бүгінде соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды.  Қазір тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ...