«Мега Химки» ірі сауда орталығында өрт шықты

Мәскеу мен Мәскеу облысының маңында орналасқан «Мега Химки» ірі сауда орталығында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 7  мың шаршы метрді шарпыған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ғимаратта бірнеше жарылыс болды. Болжам бойынша құрылыс материалдарын сататын дүкенде бояулар мен аэрозолдар жарылып жатыр. Өртті ауыздықтау үшін авиация тартылмақ. Көмекке Мәскеу қаласынан да өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Ғимараттан 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Ал,  зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.