БҚО-да субсидияны туыстарына заңсыз аударып жіберу фактісі анықталды

Батыс Қазақстанда асыл тұқымды мал басына берілген субсидияны туған-туыстарына заңсыз аударып жіберу фактілері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Ақжайық ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өз атына шаруа қожалықтарын тіркеп, кейін малды бір-бірінен сатып алған. Ал заңға сәйкес ерлі-зайыптылардың жинаған мүлкі – олардың бірлескен ортақ меншігі. Осы тектес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында 350 шаруа қожалығына субсидия бойынша құқықтық кеңес берілді.

Біржан Хайруллин, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен арнайы қызметкер жергілікті ақарушы органға арнайы комиссар болып жіберілді. Бұл орайда барлық облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықа талдау жүргізілді. Нәтижесінде 11 млрд қаржы үнемделді, яғни тиімсіз жұмсалудың алды алынды. БҚО тоғыз айдың қорытындысы бойынша республикада бірінші орынға шығып отыр.