Семейде қазандық бұзылып, 35 көпқабатты үй жылусыз қалды

Бұл кейінгі аптада болған екінші жағдай. Өткен жолы да біраз үй мен әлеуметтік нысандардағы жұрт бірнеше күн қалтырап отырған еді, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде күн де ызғырып тұр. 30 градус аяз. Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша «Теплокоммунэнерго» мекемесі қазандықта жұмыс атқарып жатыр. Мамандар қазандық көп ұзамай, яғни бүгін іске қосылатыны жеткізген. Кейін жылу параметрлері біртіндеп артуға тиіс. Айта кетерлігі, қаладағы қазандықтар мен жылу желілерінің 64 пайызы тозған.