Маңғыстау облысында 38 жастағы ер адам үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Оқиға Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 желтоқсан күні кешкі сағат 8 шамасында полицияға хабарлама түскен. Мекенжайға барған тәртіп сақшылары үй иесінің, 10 айлық, 4 және 8 жастағы балалардың мәйітін тапқан. Белгілі болғандай, бұл жайт отбасылық жанжалдан кейін болған. Ер адам жұбайына өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтып, аудиожазба қалдырған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Жаннұр Таңатарова, ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінен де тұрақты жұмыс орындары болған. Бұл дерек ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату ҚК-тің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз.