Атырауда балық тиеген кеме мұз құрсауында қалды

Атырауда балық тиеген кеме мұз құрсауында қалды.

Құрманғазы ауданынан шығып Атырауға бет алған кеме 27 қараша күні Жайық өзенінде судың таяздығынан жүрісін тоқтатады. Енді аяз күшейгенде мұзға жабысып қалыпты. Кеме мен балық облыстағы балықшы кооперативтердің біріне тиесілі екен. Олар 7 тонна балық пен бағасы 500 мың АҚШ доллры тұратын кемені вахталық әдіспен күзетіп тұр. Кеме қайырлаған аумақта судың тереңдігі 1 метрге жетпейді және ол бауырлап қатып қалған. Сондықтан балық иелері үшін көктемді күтуден басқа амал жоқ. 

Иван Павлович, кеме капитаны:

- Кемені мұз құрсауы қыспау үшін күн сайын таңертең мұз оямыз. Мұз қысса кеменің корпусын жарып жібереді. Сондықтан, күнде ойып тұрамыз. Күн сайын таңертең, кей кезде 5 см қалың болып қалады түнімен. Бүгін 3 см болды. Аяз сәл сынып келеді.