Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 80 жылдан соң табылды

80 жыл бұрын екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, қайта оралмаған жауынгердің сүйегі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапарбай Имахаевтың артында ұрпағы қалмаса да, туыстары осы уақытқа дейін үміт үзбеген. Ал майдангердің сүйегін Қазақстанның арнайы іздестіру жасақтары Ресейдің Новгород облысынан тапты. Жуалы ауданының тумасы 1939 жылы әскерге шақырылып, төрт жылдан кейін хабарсыз кеткен. Жауынгердің сүйегі туған ауылына жеткізіліп, әскери құрметпен жерленді.

Қосмұрат Имахаев, Жуалы ауданының тұрғыны:

- Мінекей енді елімнің арқасында жұрттың арқасында осындай мәртебеге жетіп атамның келгеніне қуаныштымын. Топырағы өзі маған бұйырған екен. Осыдан кейін соғыс болмасын. Ел аман жұрт тыныш болсын.

Эльмира Жұмашева, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасының аға офицері:

- Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 12 жауынгердің сүйегі табылды. Оның ішінде сегіз офицер адам. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.