Алаяқтардан келген залал бір жылда 88%-ке өсті

«Алаяқтық» бабы бойынша биыл 95 миллиард теңге залал келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

37 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның жартысына жуығы – интернет-алаяқтық. Желі арқылы азаматтардан айласын асырған 17 мың 700  жағдай анықталған.  244 төлем картасына қатысты заңсыз әрекет тіркелді. 91 рет қарызға ақша алып алдаған,  47 рет несие рәсімдеп айласын асырса, 1 жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық тіркелді. Заңсыз әрекеттерден негізінен жеке тұлғалар зардап шеккен деп хабарлайды finprom.kz.