АрселорМиттал Теміртауға салық заңдарын елемегені үшін 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

Елдегі ең ірі металлургиялық комбинат - АрселорМиттал Теміртауға салық заңдарын елемегені үшін 1,3 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комбинат өкілдері 2017 жылы корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын қасақана төмендеткен.

Осы істі мұқият зерттеген Қарағанды облысы мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері әкімшілік хаттама толтырып, оны сотқа жолдаған. Күні кеше облыстық сотта аталған іске қатысты тыңдалым өтті.

Еске салсақ, бұған дейін де экологиялық заңнамаларды бұзғаны үшін «АрселорМитал Теміртауға» 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған болатын.

Бақыт Ботпаева, Мемлекеттік кірістер департаменті қоф басқарма басшысы:

- Аванстық төлемдер сомасын төмендетуді Мемлекеттік кірістер департаменті  ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық тексеру кезінде анықтады. Осы жылдың 21 желтоқсанында Арселор Митталдың аппеляциялық шағымына байланысты облыстық сотта тыңдалым өткен. Істі қараған судья мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерінің дәлелдерін дәйекті екенін ескеріп, айыппұл салды.