Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болғаны анықталды

Осыдан бірнеше күн бұрын  Маңғыстау облысының Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған болатын.

Құс тұмауына алынған сынамалық материалдар оң нәтиже көрсетті.  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шұғыл шараларды жүргізу және үй құстарының арасында инфекция таралмас үшін республикалық қордан 18 мың 644 доза вакцина бөлді. Сондай-ақ өңірге республикалық эпизоотияға қарсы отряд мамандары жұмылдырылды.