Ұлытау облысы Жаңаарқа кентінде газ баллоны жарылды

Ұлытау облысы, Жаңаарқа кентінде жеке тұрғын үй ауласындағы моншада газ баллоны жарылды.

Моншаның төбесі ортасына түсіп, 50 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай қызметі хабарлады. 16 адам зардап шегіп,  8-і ауруханаға жатқызылды. Біреуінің жағдайы ауыр. Жарылыс кезінде тұрғын үйде ас беру шарасы өтіп жатқан. Қазір апаттың себебі анықталуда.