Алматыдағы №56 гимназияның оқушылары мен ұстаздары шұғыл түрде эвакуацияланды

Бүгін түске таяу Алматыдағы №56 гимназияның оқушылары мен ұстаздары шұғыл түрде эвакуацияланды. Себебі полиция пультіне білім нысанына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Шұғыл әрекет ететін қызмет өкілдері тексеру жүргізіп, нәтижесінде ақпараттың жалған екені анықталды. Қазір Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында орналасқан гимназия қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.