«Қаз-Темір-Транс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, олар жүк вагондарын кедергісіз және жылдам өткізу үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар жүк тасымалдайтын вагондарының тапшылығын қолдан жасады. Өңірлік филиалдардың қызметкерлері мен басшылары және бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары да пара алу схемасына қатысқан. Күдіктілер қаражатты лауазымды адамдардың шоттарына аударған делінген ақпаратта. 

Мәселен, Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған. Ал Қарағандыдағы бұрынғы және қазіргі басшылары да қылмыстық іске барды деген күдікке ілінді. Қазір тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Сондай-ақ...