loader


Қонаевта жер опырылып, шұңқырға көлік түсіп кетті

Қонаев қаласында көшеде келе жатқан көлік шұңқырға түсіп кетті.

Төтенше жағдай бүгін кешкісін Құрылысшы көшесінде болды. Бұл көшеге жуырда ғана асвальт жабындысы төселгенімен су құбыры ауыстырылмапты. «Құбырдың тесілу салдарынан су жайылып, топырақты шайған. Соның салдарынан көше опырылды» дейді жауапты мамандар.  Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек жолды қайта қалпына келтіруге  қосымыша қаржы жұмсалады. Қала әкімдігінің мамандары Құрылысшылар көшесінің бұзылған 50 метрге жуық жерін түнімен жөндеп, қалпына келтіреміз деді.

Дархан Қарақонысов, Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Қазір жұмыстар жұріп жатыр. Жұмыстарды осы түнде таңға дейін бітіреміз. Жұмысты бітіргеннен кейін жолымызды қайта жөндейміз.

Сондай-ақ...