Атырауда 2 баланы ит талады

Атырауда 2 жасөспірімді бұралқы ит талады.

Ауруханаға жедел жеткізілген балалардың біреуіне шұғыл көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Ал 8 жасар екінші жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған қатты зақым келгенін айтады. Кеше ақ халаттылар ота жасап, баланың бас пен бет терісін тікті. Бүгін тағы бір операция жасалады. Мұндай оқыс жағдайлардың жиі қайталанатыны жасырын емес. Биылдың өзінде 32 бала ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Ал былтыр 462 баланы ит қапқан. Жауаптылар қазір қалалық ветеринарлық стансаның 3 бригадасы қаңғыбас иттерді аулаумен айналысып жатқанын айтады.

Сергей Хван, облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Баланың жағдайы әлі ауыр. Біз қолымыздан келген көмекті аямаймыз. Ота жасалғаннан кейін де ұзақ уақыт емделу қажет. Жасөспірім дене жарақатын ғана алған жоқ, қатты қорқып қалғаны да белгілі. Сондықтан психологтардың да көмегі керек.