Ақтауда есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды
Ақтауда есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды.
Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына куәгерден жедел ақпарат жеткен. Полицейлер күдіктіні 5-шағын ауданда қолға түсірді. Тінту кезінде оның сырт киімінің қалтасынан 2 бөлікке оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ табылды. 20 жастағы жігіт тұрған пәтерді тінту кезінде діни мазмұндағы бірнеше кітап тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:
- Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайыналды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.