БҚО-да Аралтал ауылын су алды
Шыңғырлау өзенінің Жайыққа құятын тұсында сең жүріп, мұз кептеліп жатыр.
"Судың кенеттен көтерілуіне сол себеп", - дейді мамандар. Қазір су арнасынан асып, Аралтау ауылына жайылған. 16 үйге су кірді. Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар көшіріліп, құмнан бөгет салына бастады. Ақбұлақ ауылында 44 адам құтқарылған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тасқыннан зардап шеккен отбасыларға өтемақы төленеді.
Еркебұлан Ихсанов, Бөрілі ауданының әкімі:
- Облыстық ТЖД - інен арнайы қызметкерлерді күтіп отырмыз. Ол қызметкерлер мынау өзендегі қозғалған мұзды бір жерге ұйытқы болып жиналып қалған кезде Жайыққа құяр бағытындағы артынан су деңгейін көтеріп, арнасынан шығып жатыр. Сол мұзды жару керек қазіргі уақытта. Соған көмек күтіп отырмыз.