Жаңақорғандағы мектептерден 543 млн теңге ұрланды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы 12 мектептен 543 миллион теңге ұрланды.

Лауазымды тұлғалар ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, қаражатты бөгде адамдарға аударып келген. Бұл  дерекке қатысты Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 15 қылмыстық іс қозғады. Тергеу барасында 91,5 миллион теңге өндіріліп алынған. Әзірге екі жауапты тұлға мемлекет қаржысына қол салды деген күдікке ілігіп отыр. Мұнан бөлек бірқатар қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 мектеп директоры мен 5 есепші жұмыстан босатылды.

Асылхан Ашықов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Тиісті бизнес процестер автоматтандырылмаған, яғни қаржылық операциялар қолма-қол қағаз жүзінде жүргізіліп келген. Бюджет қаржысы негізсіз артық жоспарланған. Салдарынан білім беру ұйымдарында «1С-Бухгалтерия» мен «Қазынашылық-клиент» жүйелеріндегі кемшіліктерді пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған.