Павлодарда Ертіс жайылмасы отқа оранды
Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, Ленин кентімен облыс орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр.
Тілсіз жаудың бірнеше аумақта анықталған. Бірақ өзектер суға толып тұрғандықтан, ол жаққа техника өте алмайды. Дегенмен құтқарушылар қарап отырған жоқ. отты қолмен сөндіріп жатыр.
Қазбек Бейсекеев, Ленин кентінің № 5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
- Өрт сөндіру барысында 3 ошақ анықталды. Бірінші және екінші өрт ошағы қазіргі кезде оқшауланды. Үшінші ошақ бойынша жұмыстар жүргізілуде.