Оралда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Оралда кешелі бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрмыстық қатты қалдықтар төгілген алаң қаладан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, өртті сөндіруге жеке кәсіпорын ұжымын қоса алғанда 66 адам мен 50 техника жұмылдырылған. Үйілген қоқыс астындағы биогаз отты өшіруге келтіріп тұр. Өрт сөндірушілер алаңға құм-топырақ төгуге көшкен.

Нұрсұлтан Серіков, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Барлық қоқыс – бірнеше жылдар бойы жиналған қоқыс. Сондықтан ол тек қана топырақ себумен өшіріледі. Экскаватормен топырақтар қазылып, бортты камаздармен топырақ тасылып жатыр.

 

Сондай-ақ...