Маңғыстауда иесіз ұңғымадан мұнай төгіліп жатыр

Маңғыстауда иесіз ұңғымадан мұнай төгіліп жатыр

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылынан 15 шақырым жердегі кен орнынан жер бетіне мұнай төгіліп, табиғатты ластап жатыр.

Қара түстес сұйықтық төгілген жерге мал жайылып жүр. Жалпы тұрғындардың мұндай көріністі  видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауы бірінші рет емес. Экологтар бұл жайттан хабардар. Алайда, ешкімді жауапқа тарта алмай отыр. «Өйткені, ескі ұңғылардың қожайыны жоқ. Жер орны мемлекет меншігінде, сондықтан әзірге қолдан келетін жалғыз амал - әлгі аумақтың айналасына қоршау салу. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар басталды», - дейді мамандар.  

Мағжан Ғалымов, экология департаментінің бөлім басшысы:

- Ұңғымадан мұнайдың ағу фактісі анықталып отыр. «Шалва» кен орны бұрын «Мұнайсервис» дейтін мекеменің атында болған. Қазіргі таңда ол мекеме жоқ. Біздер тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Алайда олардың басшылары Қазақстанда болмағандықтан тиісті шара қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Кінәлілерді табу үшін құқыққорғау органдарына хабарласу керек деп ойлаймын.