ШҚО-дағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Шемонаихада газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болды.

Салдарынан екі адамды күйік шалып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. 5 техника өртеніп кетті. Өрт дер кезінде сөндірілді. Тұрғын үйлер мен, орман қорына қауіп жоқ. Қызыл жалынды сөндіруге 12 адам мен 5 техника жұмылдырылды.