ШҚО-да жарылыстан зардап шеккендер саны артты

Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер саны өсті.

Оқыс оқиға газ балонын толтыру станциясында болды. Аудандық ауруханаға алдымен күйік шалған екі адам түскен. Қазір зардап шеккендер саны төрт адамға жетті. Екі ер кісінің жағдайы ауыр дейді, дәрігерлер. Қалған екеуі 15-20 пайыз күйікпен орташа жағдайда хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Шемонайха қаласына Өскеменнен білікті дәрігерлер бригадасы да жетті. Жалпы өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Жарылыс себебі әлі белгісіз.