Таразда өрттен бір адам көз жұмды
Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды.
Тағы үшеуі ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 30 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оның баласы 15 пайыз жарақатпен палатада ем қабылдауда. Зардап шеккен үшінші науқас – өрт сөндіруші. Төтенше жағдайлар қызметкері құтқару кезінде жеңіл күйік алған. Айта кетейік, оқыс оқиға төртінші қабаттағы пәтерде болды. Өртті сөндіруге 50 -ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылды.
Карина Карташова, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
- Өрт болған кезде үйдің 50 тұрғыны далаға шығарылды. Оның 20-ы бала. Оқиға орнында 1981 – інші жылы туған ер адамның денесі табылды. Қазір оқиғаның себеп – салдары мен шығын көлемі анықталып жатыр.