ШҚО-ның 234 тұрғыны қаржы пирамидасына 350 млн теңге құйған

Шығыс Қазақстан облысының 234 тұрғыны қаржы пирамидасына 350 млн теңге құйған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" компаниясын күдікке алып, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған фирманы ұйымдастырушылар былтыр қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы салымшылардан заңсыз ақша алған.+СНХ

Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына сот санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.