Атырау өрттен 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды
Атырауда мереке күндері тұрғын үйден шыққан өрттен 1 адам қаза тапты. Тағы күйік шалған 4 адам ауруханада.
Оқиға кеше қала іргесіндегі Көкарна ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.
Таңертеңгі сағат 11.10-да Call орталыққа үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасынан жарылыс болғаны, салдарынан 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирағаны анықталды. Лаулаған жалын сағат 12:22-де толық өшірілді.