Павлодар облысында автобус құлады

Павлодар облысында автобус 150 метр тереңдікке құлап, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды 24KZ.

Салонында 4 адам болған көлік «Майқайың алтын» кенішінің тазарту кеңістігіне құлаған. 4 жолаушының біреуі – жүргізуші, қалған үшеуі – құтқарушы. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру жалғасып жатыр. Шахтадан 33 адам эвакуацияланды. Жедел штаб құрылып, психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Апаттық-құтқаруға «Майқайың алтын» компаниясының кәсіби әскерилендірілген құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ төтенше жағдай қызметінің  құтқарушылары жұмылдырылды.