Жетісу облысында 48 адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды.
Үшаралдан Достыққа қарай бағыт алған жүк көлігінің жүргізушілері Теректі аймағында қалып қойған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай мамандары тауар тасымалдаушыларды Достық станциясына жеткізді. Тексере келе 40 адам Ресей және Беларусь елінің азаматы екені анықталды. Қалған 8-і қазақстандықтар. Айта кетейік, қазір Үшарал-Достық бағытында боран соғып тұр. Осыған байланысты жол жабылды.