ҰҚК он бес қылмыстық топтың жолын кесті

Өлтіру, тонау, бопсалау және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. 

Қалғандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Жалпы 2023 жылы комитет 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту барысында олардан оқ қару, ақша, есірткі мен өзге де заттар алынған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.