Іздестіруде жүрген 58 қылмыскер ұсталды
Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды.
Қамауға алынғандардың арасында кісі өлімі, ұрлық, қаржы жымқыру бойынша күдіккке ілінген қаскөйлер бар. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров мәлімдеді. Сондай-ақ, халық қаржысын қолды қылған қылмыскерлер де құрықталды.
Руслан Назаров, ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары
- Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемдегін ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШСбасшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек республикалық криминалдық полиция хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.