Теміртау маңында 16 көлік соқтығысып қалды

Ауа райының қолайсыздығынан Теміртау қаласының маңында 16 көлік соқтығысып қалды.

Арасында Алматыдан Астанаға қатынайтын автобус та бар. Жол апаты салдарынан 2 адам жарақат алды. Олар Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ақ түтек боран салдарынан Қарағандыдан Теміртауға дейінгі аралық уақытша жабылды. Соңғы ақпарат бойынша тас жолда қозғалыс реттелді.