Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылды

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан туннель арқылы іргедегі шағынауданға ағылған көліктер сағаттап қаңтарылып қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Көпірдің апатты жағдайына алаңдаған жергілікті жұрт бірнеше жылдан бері өткелді жөндеуді әрі балама жол салуды сұрап келеді.