Шұғыл ақпарат. БҚО-да бір ауыл көшірілді
Тағы бір шұғыл ақпарат: Кеше кештен бастап, Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Ұзынкөл ауылы көшірілді.
Ол жақтан бас-аяғы 705 адам эвакуацияланды. Оның 230-ы бала. 5 адам Подстепное мектеп интернатына, 15-і Оралдағы 15-мектепке орналастырылған. Қалған тұрғындар туыстарын паналаған.