Іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Жыл басынан бері іздеуде жүрген 630-дан астам қылмыскер ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметі хабарлағандай іздеуде жүргендердің 17-сі кісі өлтірген.

Оның 35-і есірткі қылмысына қатысты болса, 17-сі адам бопсалап, істі болған. Қылмыскерлердің көбі Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және көршілес шетелдерде бас сауғалаған.

Оларды ұстауға Интерпол көмек көрсетті. Ал Қазақстан полициясы біздің елде жасырынып жүрген 150 қылмыскерді ұстап берді.

Қанат Нұрмағамбетов, ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы:

- Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды.