Алматы тауларында қар көшті
Бұл жағдай «Тұйықсу» альпинистік лагерінің маңайында болды.
Көлемі 4 мың текше метр қалың қар өзен жағасына дейін жеткен. «Қазселденқорғау» мекемесі мамандарының айтуынша, бұдан судың ағысына ешқандай бөгет келмейді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал Қазгидромет синоптиктері қатты жауын-шашынға байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде көшкін қаупі барын айтты. Сондықтан азаматтарға таулы жерлерге бармауды ескертеді.