Каспий жағалауынан 27 итбалықтың өлексесі табылды
Каспий жағалауына 27 итбалықтың өлексесі шығып қалды.
Наурыз айынан бері өлі күйде табылған теңіз сүтқоректілерінің саны 200-ден асты. Ғалымдар кейбірінің азу тісі мен ішкі ағзасынан сынамалар алды. Теңіз суының құрамы да зертханада тексерілЕді. Алдын ала болжам бойынша, олардың өліміне теңізде болған күшті дауыл себеп болуы ықтимал. Түпқараған ауданында жағажайды зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Әсел Баймұқанова, гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері /Алматы/:
- Итбалықтардың жағаға шығып қалуы жылда қайталанатын құбылыс. Теңіз сүтқоректісінің нақты неден өлгенін білу әзірге мүмкін емес. Әсіресе мұндай жайт көктем мезгілінде жиі болады. Өлі итбалықтар теңізде бірнеше ай қалқып жүруі мүмкін. Толқын жағаға шығарып тастаған сәтте, өлекседен сынама алу қиынға соғады.