Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Екібастұзда техногендік сипаттағы Төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған құбыр желісі бөлігінің опырылуы себеп. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаладағы 50 жылдық көшесіндегі магистральды кәріз коллекторы әбден тозған. Соның салдарынан құбыр бойымен өткізу қабілеті едәуір төмендеп, көптеген сызат пайда болды, апаттар жиіледі, ақырында құбырдың жоғарғы бөлігінде топырақ опырылып түсті. Жауаптылар бюджеттен қаражат бөлінуі үшін төтенше жағдай режимін жариялауға мәжбүр болды. Жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңгеден астам қаражат керек.
Ержан Салханов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:
-Екібастұздың 50 жылдығы көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторында ұзақ пайдаланып, тозуына байланысты құбырдың лайлануы орын алды. 2020 жылдың шілдесінен бері құбырдың беткі қабатында 4 рет топырақ опырылып, одан әрі ұлғайып жатыр.